28.05.2026
Тақырыбы: «Меніңотбасым» тақырыбындаәңгімеқұрастыру. «Баланыңсөйлеудағдыларындамытуүшінқандайкітаптардыоқукерек?»
Мақсаты: Балалардыңотбасытуралытүсініктерінкеңейту, сөйлеудағдыларындамыту, ата-анаменбірлесіпкітапоқуғақызығушылықтарынарттыру.
Өткізубарысындабалаларөзотбасымүшелерітуралыәңгімелеп, отбасықұндылықтарыжайлы ой бөлісті. Әңгімеқұрастырукезіндебалалардыңсөздікқоры, байланыстырыпсөйлеуқабілетідамытылды. Соныменқатарата-аналарғабаланыңтіліндамытуғаарналғанертегілер, тақпақтар, мақал-мәтелдер мен жасерекшелігінесайкітаптардыоқужөніндекеңестерберілді.
Балаларбелсенділіктанытып, сұрақтарғатолықжауапберді. Кітапоқудың бала тәрбиесіндегімаңызытүсіндірілді.Отбасы туралы суреттер бояды.
Қорытынды: Балалардың сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілетін дамытуда отбасының және кітап оқудың маңызы зор екендігі айтылды.

27.04.2026
Анықтама
«Жеңіл спорттық жаттығулар және үй жағдайында баланың дене тәрбиесімен айналысу әдістері»
Баланың дене тәрбиесі – оның денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және жан-жақты дамуына бағытталған маңызды процесс. Үй жағдайында жүргізілетін жеңіл спорттық жаттығулар баланың бұлшық еттерін дамытып, төзімділігін, икемділігін және қозғалыс үйлесімділігін қалыптастырады.
Жеңіл спорттық жаттығулар түрлері:
Таңғы жаттығулар (қол-аяқ созу, еңкею, бұрылу)
Секіру (орнында, жіппен)
Жеңіл жүгіру (орнында немесе шағын кеңістікте)
Доппен ойындар (лақтыру, қағып алу)
Созылу жаттығулары
Қарапайым гимнастикалық қимылдар
Үйде дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістері:
Күн тәртібін сақтау
Белгілі бір уақытта жаттығу жасау әдетін қалыптастыру.
Ойын арқылы үйрету.Жаттығуларды ойын түрінде өткізу (мысалы, «қоянша секіру», «аюша жүру»).Қысқа әрі жүйелі жаттығулар. 10–15 минуттан бастап, біртіндеп уақытты арттыру.
Қауіпсіздік сақтау
Жаттығу жасайтын орынды бос, қауіпсіз ету.Үлкендердің үлгі көрсетуі
Ата-ана бірге жасап, балаға қызығушылық тудыру.
Мадақтау және қолдау
Баланы ынталандыру, жетістігін атап өту.
Маңыздылығы:
Денсаулықты нығайтады.Иммунитетті көтереді, қимыл-қозғалысты дамытады. Тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді.
Көңіл-күйді жақсартады.

Консультациялық пункттің хаттамасы
Тақырыбы: «Ханталапай» ұлттық ойын ойнаймыз
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы.
«Ханталапай» ұлттық ойынын ата-аналарға таныстыру.
Ойынның ережесі мен ойналу жолдарын түсіндіру.
Тыңдалды:
Консультациялық пункт барысында ата-аналарға қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні туралы ақпарат берілді. Балалардың ойлау қабілетін, ептілігін, жылдамдығын дамытуда ұлттық ойындардың маңызы зор екені айтылды. Соның ішінде «Ханталапай» ойыны туралы түсінік беріліп, ойынның ойналу тәртібі көрсетілді.
«Ханталапай» ойынында балалар асықтарды ортаға шашып, белгі бойынша тез жинап алуы керек. Бұл ойын балалардың шапшаңдығын, зейінін және ұйымшылдығын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелейді.
Ұсыныс:
Ата-аналарға балаларымен үйде ұлттық ойындарды ойнауға кеңес беру.
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін балабақшада ұлттық ойындарды жиі ұйымдастыру.
Консультациялық пункт барысында ата-аналар «Ханталапай» ұлттық ойынымен танысып, оның бала дамуына пайдалы екенін түсінді. Ұлттық ойындарды бала тәрбиесінде қолданудың маңызы атап өтілді.
24 Ақпан 2026ж
«Нұршуақ» бөбекжай -бақшамызда 20-ақпан күні «Балабақшадағы бір күнім» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды бөбекжай-бақша өмірімен жақынырақ таныстыру, балалардың бір күндік іс-әрекетімен бөлісу және ата-ана мен бақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында ата-аналар балалардың күн тәртібімен, оқу қызметімен, ойын әрекеттерімен, шығармашылық және серуен сәттерімен танысты. Сонымен қатар, ата-аналар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып, балалармен бірге түрлі ойындар мен тапсырмаларды орындады.
Шара нәтижесінде ата-аналардың бөбекжай-бақша жұмысына деген қызығушылығы артып, педагогтармен тығыз байланыс орнатылды. Ата-аналар тарапынан оң пікірлер білдіріліп, осындай бірлескен іс-шараларды жиі ұйымдастыру ұсынылды.

16 Қантар 2026ж
Балалармен бірге қолөнер жасап үйренеміз
АНЫҚТАМА
Осы анықтама «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы жанындағы консультациялық пункттің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген іс-шаралар туралы мәлімет беру мақсатында дайындалды.
Консультациялық пункт аясында балалармен және ата-аналармен бірлесіп үй жағдайында қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету бойынша жұмыстар жүргізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру және ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету.
Жұмыстар жоспарға сай ұйымдастырылып, ата-аналар тарапынан оң кері байланыс алынды.
Күні: «16» 01.2026 ж.
Консультациялық пункт жетекшісі: А.Ишмухаммедова
2025-2026 оқу жылының Консультациялық пункт жұмыстары
Желтоқсан айы 2025ж
Қараша айы 2025ж
Қазан айы 2025ж
«Мен кіммін?»
«Нұршуақ» бөбекжай бақшасында 15 қазан 2025 жыл күні «Мен кіммін?» тақырыбында ойындар, қарым-қатынас жаттығулары ұйымдастырылды.
«Баланың эмоцияларын қалай түсінуге және дамытуға болады» тақырыбында ата-аналарға кеңес берілді.
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік — эмоционалдық дамуын қадағалау, жеке кеңестер жүргізу.
Қыркүйек айы 2025ж
Үй жағдайында балаға күн тәртібін қалай үйрету керек тақырыбында кеңес берілді.
Мақсаты: Баланың жас ерекшеліктерін диагностикалау. Таныстыру ойындарын ойнату. Қарапайым тәртіпке баулу.
Маусым 2025ж
Наурыз айы 2025ж
«Үш жастан кейін бәрі кеш»
2025 жылдың наурыз айында педагог-психолог ата-аналармен кеңес өткізді. Кеңесте баланың алғашқы үш жылындағы дамуының маңыздылығы, осы кезеңде дұрыс тәрбие мен қарым-қатынас орнатудың бала болашағына әсері туралы ақпарат берілді.

Ақпан айы 2025ж
«Бізбен бірге балаңызды тәрбиелеген ұнай ма?»
Ерте жас балалардың тәрбиесіндегі қиыншылықтар
Анықтама: Ақпан айында ата-аналарға арналған тренинг ұйымдастырылып, педагог-психолог ата-анамен бірлесіп тәрбиелеудің жолдарын көрсетті.
Ата-аналармен кездесуде ерте жастағы балаларды тәрбиелеудегі жиі кездесетін қиындықтар мен шешу жолдары талқыланды.
Ақпан айы 2025ж
«Қоршаған ортаның баланың дамуына әсері»
Анықтама: М. Джангабаева өткізген шебер-сыныпта ата-аналарға қоршаған ортаның баланың танымдық қабілеттеріне әсері түсіндірілді.
Ақпан айы 2025ж
«Отбасы тәрбиесінде шығармашылық мозаика»
Анықтама: Ж. Абылханова ұйымдастырған дөңгелек үстелде ата-аналар шығармашылық тәрбиенің бала дамуына әсері туралы пікір алмасты.
