10 Желтоқсан 2025
«Тамақтану сапасына мерзімдік бағалау жүргізілді!»
«Нұршұақ» бөбекжай-бақшасында 2025 жылғы желтоқсан айында бақшадағы тамақтандыру сапасын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Комиссия мүшелері ас мәзірінің талапқа сай орындалуын, тағам сапасын, санитарлық жағдайды тексеріп, ешқандай ауытқушылықтың жоқ екенін растады.
Дайын тағамдар уақтылы беріледі, асхана тазалығы талапқа сай. Балаларға сапалы және қауіпсіз тағам ұсынылуына баса назар аударылуда!
Ата-аналар мен қызметкерлерге рахмет! Бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесі – баланың саулығы мен амандығы!

15 Шілде 2025
Тамақтану сапасын бағалау – балалар денсаулығының кепілі 2025 жылдың 30 мамырында «Нұршұлак» бөбекжай-бақшасында тамақтану сапасын мерзімдік бақылау комиссиясының жоспарлы жұмысы өткізілді. Комиссия мүшелері балабақша асханасының санитарлық жағдайын, дайын тағамның сапасын, азық-түлік өнімдерінің жарамдылығын және сақтау тәртібін мұқият тексерді. Барлық журналдар уақытылы толтырылып, ас мәзірі бекітілген циклограммаға сәйкес дайындалған. Ыдыс-аяқтар белгіленіп, асхана құралдары дұрыс қолданылып жатқанын комиссия оң бағалады. Балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз.



26 Ақпан 2025
Бракераждық комиссияның жұмысы аяқталды!
Балабақшамызда балаларды сапалы тамақтандыруды бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссиясы өз жұмысын сәтті атқарды. Комиссия құрамындағы мамандар:
✅ Тамақтың сапасын мерзімді түрде бағалады
✅ Асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексерді
✅ Тамақ өнімдерінің сапасын бағалау критерийлеріне сай бақылау жүргізді
✅ Ас мәзіріне сәйкес дайындалған тағамдардың дәмдік сапасын тексерді
✅ Технологиялық үдерістердің талаптарға сәйкестігін бақылап, қажетті ұсыныстар берді
Жұмыстың нәтижесінде балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды. Барлық жауапты мамандар өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, комиссия отырыстары хаттамамен рәсімделді.
Балабақшамыздағы тамақтандыру сапасына ерекше көңіл бөлініп, ата-аналар комитетінің қатысуымен ашықтық қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады!
